22:31, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
«Google» компаниясы жаңа «Android» жүйесімен таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы Android операциялық жүйесінің жаңа нұсқасын таныстырды. Ол «Android M» деп аталады, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Таныстырылым кезінде компания өкілі құрастырушылар операциялық жүйеге жүздеген оң өзгеріс енгізгенін айтты. Пайдаланушылар ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Android M»-ге қол жеткізе алады.
«Android» операциялық жүйесінің бірінші нұсқасы 2008 жылы шыққан. Ол түрлі мобильді құрылғыларда пайдаланылады. «Android»-тың басты бәсекелесі - Apple-дің «iOS» бағдарламасы.