Google компаниясының вице-президенті 41 000 метр биіктен секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы басшыларының бірі Алан Юстас стратосфераның жоғарғы шекарасы 41 000 метр биіктіктен секіріп, австриялық Феликс Баумгартнердің рекордынан асып түсті, деп хабарлады ВВС.

Google компаниясының вице-президенті 41 000 метр биіктен секірді

Google компаниясының вице-президенті 57 жастағы Юстас биіктікке арнайы аэростат арқылы скафандрде көтерілген. Онда жарты сағаттай болып секірген. 5 минуттай Юстас қалықтап ұшып, жерге 9 000 метрдей қалғанда прашютін ашқан.

Бұғанға дейінгі рекордты 2012 жылы Феликс Баумгартнер орындаған, ол кезде ол 38,969 метрден секірген болатын.