Google логотипін өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google ғаламторда іздестіру жүйесі өзінің логотипін өзгертті, деп хабарлайды Би-би-си.
None
None

Жаңа логотип қарпімен және түсімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, әріптер үшін жұмсағырақ түстер таңдалған.

Сонымен қатар компания мобильдік қосымшалар үшін де жаңа логотипін ұсынды. Ол түрлі-түсті G әрпі түрінде бейнеленген. Өз блогында компания ескі логотиптің дербес компьютерлер үшін әзірленгенін жазды. Ал жаңа логотип бірнеше құрылғыларда жұмыс істеу үшін арнайы жасалған, яғни оның жаңа дизайнының барлық қосымшалар үшін қолайлы болуы ескерілген.

Соңғы жаңалықтар