Google Maps футболдан Әлем чемпионатына арнап жаңа қызметті іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google Maps Бразилиядағы футболдан Әлем чемпионатына арнап жаңа қызметті іске қосты. Енді осы қосымша арқылы біріншіліктің матчтары өтетін стадиондарға виртуалды саяхат жасаудың мүмкіндігі туды.

Google Maps футболдан Әлем чемпионатына арнап жаңа қызметті іске қосты

Кез келген адам стадион мен оның маңындағы нысандармен кеңінен таныса алады, сонымен бірге біріншілік ойындары өтетін қалалардың көрікті жерлерін тамашалауға болады. Осылайша, 2005 жылы құрылған Google Maps ақысыз картографиялық қызмет пен технологиялар негізінде жасақталған қосымшалар топтамасын ұсынады. Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Дүбірлі доданы Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаус, Форталезе, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба және Куритибе қалалары қабылдайды.