Google мен Apple тұтынушылардың құқығын қорғамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы Android L мобильдік құрылғысы үшін келесі операциялық жүйе пайдаланушылардың мәліметтерін шифрлайтынын мәлімдейді.
Осылайша, пайдаланушылардың жеке мәліметтері сенімді қорғалатын болады: шифрлама хакерлердің құпия кілтті бұзуын қиындатады, сонымен бірге, пайдаланушылар туралы мемлекеттік органдарға жеке мәліметтердің таратылуын күрделендіреді.
Бейсенбіде Apple компаниясы iOS8 мобильдік құрылғылары үшін жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушалыр туралы мәліметтерді шифрлайды. Ақпараттың шифрлануы құпия жүргізіледі, тіпті компания өкілдері оған қол жеткізе алмайды.