Google Now бірден көп тілдерде бір мезгілде жұмыс жасауды үйренді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google Now дауыстық асистенті бірден көптеген тілдерде жұмыс жасауға үйренді.
"Вестидің" хабарлауынша, енді сервис тіпті пайдаланушы бір тілден екінші тілге үнемі көшіп отырса да, барлығын түсінетін болды. Google Now-ды кодтық тіркесті айтып, кез келген Android экранынан іске қосуға болады. Сөйтіп, тіпті телефон бекітулі тұрса да, телефон сауалын бастауға болады.
Бұдан былай Google Now пайдаланушысы бір мезгілде бір тілден екіншісіне көше отырып, 7 тілде сауал қоя алады. Еске салайық, сервис барлығы 52 тілді «түсінеді». Сірә, Google сондай-ақ Google Now-ті ауқымды жақсартуға кіріскен сыңайлы. Жақында электроника мен автомобильдің борт жүйелеріне кигізілетін құрылғы жасалған болатын. Сонымен қатар компания жақында Android Auto и Android Wear платформаларын көрсетті.
Енд шуды сейілту, басқа бөлмедегі дауысты тани білу сияқты жетілдірілген жүйені іске қосу да қыр астында тұр.