Google пайдаланушыларын жасырын аңдығаны үшін өтемақы төлейді
Америкалық Google компаниясы Google Chrome браузерінің пайдаланушылары туралы мәліметті жасырын жинауға қатысты кемінде 5 млрд долларлық сот ісі бойынша алдын ала бітімге келді. Kazinform агенттігі бұл туралы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Істі реттеу шарттары жарияланған жоқ, бірақ заңгерлер Google талаптардың міндетті тізіміне келіскенін айтты.
Ол 2024 жылдың 24 ақпанына дейін соттың бекітуіне жіберіледі.
Талапкерлердің шағымына сәйкес, Google қосымшалары пайдаланушылар Google Chrome браузерін жеке «инкогнито» режиміне ауыстырған кезде де олардың белсенділігін бақылауға мүмкіндік берді.
Google-ға қарсы іс 2020 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында қаралды.
Сот компанияға сервистерін пайдаланған миллиондаған адамның телефонмен сөйлесуін тыңдау туралы федералдық заңдар мен Калифорнияның құпиялылық туралы заңдарын бұзғаны үшін зардап шеккендердің әрқайсысына кемінде 5 000 доллар көлемінде шығын өтеуін талап етті.