Google: Смартфондар дәуірі көп ұзамай аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google бас директоры Сундар Пичаи смартфондар дәуірі таяуда аяқталатынына сенімді. Оның орнына жасанды парасат дәуірі келеді. Алдағы уақытта қажетті ақпаратты табу үшін гаджет шұқыламайтын боламыз.
Сундар Пичаи бұл басымдықты алмастыру мәселесі екенін айтты: Бүгінгі біз мобильді әлемде өмір сүрудеміз. Бүгінде бізге ең қажет нәрсе смартфондар мен планшеттер болып тұр. Алдағы уақытта жасанды парасат дәуірі келеді. Бірақ мұнымен электрондық құрылғы жойылып кетпейді, алайда оны басқаша пайдаланатын боламыз, деп жазды vestifinance.ru.