Google Street View бұдан былай Қазақстанда да қолжетімді - министр

Google
Фото: Бағдат Мусиннің парақшасынан

Google кеңсесінің қызметкерлері Қазақстанға келді. Олар Қазақстан нарығына қызығушылық танытып, қала инфрақұрылымын дамытудың жаңа құралдарын ұсынды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

«Google Street View Қазақстан табиғаты мен мәдениетінің таңғажайып алуан түрлілігін виртуалды зерттеуге мүмкіндік береді.

Бұл елеулі оқиға ел тұрғындары мен қонақтарға үйлерінен шықпай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасы мен өмірін зерттеп білуге жол ашады», — деп жазды министр.

Ресурсқа қол жеткізу үшін компьютерден Google картасындағы Street View сары түймесін басыңыз немесе мобильді құрылғыда 360 градустық түсірілімді таңдаңыз.

«Негізгі қалалар мен тарихи маңызды орындардың айналасындағы маршруттардың жаңартылған көрінісі туризмнің ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуына да ықпал етеді. Біз бұл мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз және Қазақстандағы Google Street View ел ішінде де, одан тыс жерлерде де туристер ағынына ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар