Google+ «Тікелей эфир» қызметін іске қосады

Ол тікелей эфирде түсіріліп жатқан бейнематериалды көптеген көрерменге көрсете алады.
«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, бейнеконференция қызметі Google+ жұмыс істеген сәттен бастап бар, алғашқыда «Бейнекездесуге» он адамға дейін қатыса алатын. Hangouts On Air қатысушылар санын оннан асырып отырған жоқ, дегенмен көрермендер санына арналған шекті алып тастады. Google компаниясы Hangouts On Air құрылымын ғаламторда шеберлік-сыныптарын, концерттер мен «дөңгелек үстелдерді», оқиға орнынан репортаждар жүргізу үшін қолдануды ұсынып отыр. Өз бейнематериалының жаппай көрсетілімін бастау үшін қолданушы Google+ -тегі аккаунтын YouTube-ке «байланыстыруы» керек. «Тікелей эфир» аяқталған сәтте бейнежазба әлеуметтік желі мен бейнехостингте пайда болады. Hangouts On Air құрылымы 2011 жылдың қыркүйек айында дайын болып, осы уақытқа дейін танымал адамдардың ортасында ғана пайдаланылған. Оны АҚШ президенті Барак Обама мен will.i.am, америкалық поп-тобының үздіктері Black Eyed Peas қолданыпты. Енді «бейнекездесуді» ұйымдастыру мүмкіндігін сансыз көрермендер алдында әлемнің 40 елінің қолданушылары пайдалана алады.