Google WhatsApp-қа бәсекелес болатын қосымшасын іске қоспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы өзіне тиесілі болатын WhatsApp мессенджерінің баламасын жасап шығаруға ниетті, деп жазады The Economic Times.
Жылдам хабарламалар алмасуға мүмкіндік беретін Google-дің тегін қосымшасы 2015 жылы іске қосылмақ. Баслымының хабарлауынша, жаңа мессенджерді алдымен компания Үндістанда қоспақ.
Қосымша Google аккуантында тіркелуді талап етпейді делінуде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Еуропалық комиссия Facebook компаниясының WhatsApp мобильді хабарламалар сервисін сатып алуын мақұлдаған еді.