Google жүргізушісіз жүретін машиналарды сынақтан өткізді
АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Google компаниясының инженерлері Сан-Франциско көшелерінде жүргізушісіз жүретін машиналарды сынақтан өткізді.
Бұл ерекше машинаның төбесіне орнатылған бейнекамера, радарлық құрал және лазерлік алыс-өлшер оған басқа жүргізушілерді «көруге» мүмкіндік береді.
Машинада резервтік жүргізушінің отырғанын айта кету керек, ол камералардың экрандарын бақылап, кез келген уақытта рульді өзіне алуға әзір отырды. Google басшылығы, келешекте мұндай машиналар көшелердегі кептелектерді азайта алады деп санайды.
Машинаның бағдарламалық қамтамасыз етілуін жасаған ғалым Себастиан Трун, «жаңа заманның машиналары» америка жолдарымен 140 мың миль жер жүріп өткенін айтып отыр.
Профессор Трун Дүниежүзілік денсаудық сақтау ұйымына сілтеме жасап, дүниежүзінде жыл сайын жол апаттарынан 1,2 миллион адам қаза болатынын айтып отыр. Оның пікірінше, машиналарға компьютерлік басқару жүйесін енгізудің арқасында бұл «қара тізімді» азайтуға болады.