Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Горбачев БҰҰ ҚК-ні ядролық соғысты болдырмау жөніндегі қарар қабылдауға үндеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев «Ресей газеті» сайтына шыққан өз мақаласында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін мемлекет басшылары деңгейінде ядролық соғысқа жол бермеу жөніндегі қарарды қабылдауға үндеді.

Горбачев БҰҰ ҚК-ні ядролық соғысты болдырмау жөніндегі қарар қабылдауға үндеді

Жұма күні КСРО-ның экс-президентінің мақаласы Time журналында да жарияланды, ол сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін «Мемлекет басшылар деңгейінде Қауіпсіздік кеңесінің кездесуін өткізіп, ядролық соғысқа жол берілмейтіндігі және ол ешқашан болмайтындығы туралы жазылған қарарды қабылдауға» үндеді, - деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

«Әлем мен бейбітшілікті ұстап тұруға жауап беретін ең басты орган БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін алғашқы қадам жасауға шақырамын», деп жазды Горбачев «Ресей газеті» сайтында жарияланған мақаласында.

Ол осындай бастамамен ерекше жауапкершілік артылып отырған Ресей мен АҚШ президенттері шықса дұрыс болар еді деген ойын білдірді. Оның айтуынша, әлемнің ядролық арсеналының 90 пайызына осы елдер ие.