02:31, 06 Сәуір 2012 | GMT +5
"Говорит Москва" радиосының жүргізушілері демалыссыз және ұйқысыз тікелей эфирде 53 сағат бойы жұмыс істеп, әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - "Говорит Москва" радиосының жүргізушілері Сергей Воробьев пен Игорь Рябов демалыссыз және ұйқысыз тікелей эфирде 53 сағат бойы жұмыс істеп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы радионың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.

«Говорит Москва» радиосының жүргізушілері Сергей Воробьев пен Игорь Рябов сәуірдің 2-нен 4-не дейін тікелей эфирде 53 сағат бойы демалыссыз және ұйқысыз жұмыс істеді. Олардың рекорды «ең ұзаққа жалғасқан топтық радио ток-шоу» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді», - деп хабарлады радионың баспасөз қызметі.
Радиостансаның эфиріне бірнеше күн қалғанда оған танымал ресейлік әртістер мен әншілер келген. Сол күндері жаңа әлемдік рекордты орнатуға арналған сынаудың барысын тек "Говорит Москва" эфирінде ғана емес, радионың ресми сайтынан да бақылауға болды.