19:02, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
Гөзел Манюрова Азия чемпионатында «алтынды» олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Азия чемпионатында әйелдер арасындағы грек-рим күресінің финалдық айқасы баcталды, деп хабарлады Sports.kz.
«Қазақстандық Гөзел Манюрова 75 келі салмақ санатында алтын медальды жеңіп алды. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы қытайлық Фенг Жоудан басым түсті», - делінген хабарламада.