Гір көтеруден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар 34 алтын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшылар Тайбэй қаласында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында 63 медаль жеңіп алды.

Азия чемпионаты
Фото: ҚР гір спорты және армрестлинг федерациясы

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 34 алтын, 25 күміс және 4 қола медаь иеленіп, командалық есепте екінші орыннан көрінді. 

Азия чемпионаты
Фото: ҚР гір спорты және армрестлинг федерациясы

Айта кетерлігі, Чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді.

Сондай-ақ, бүгін Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.