Graco балалар арбасы бала өміріне қауіпті болып шықты
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Балаларға арналған тауарлар шығаратын Graco компаниясы 1,5 миллион балалар арбасын қайта алдыртуда - олар бала өміріне қауіпті болып шыққан,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Арбалардың күнқағарлары дұрыс орнатылмаған болып шықты: балалар оның шарнирлі тетігіне қолдарын оңай сұғып, зардап шегулері мүмкін.
Осындай арбаға мінген бес бала саусақ ұштарынсыз қалып, тағы екі баланың жарақат алғаны хабарлануда.