Grand Prix of Germany: Кебіспаев пен Ділмұхамедов жүлделі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшелері Дортмундта өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінен екі медаль еншіледі, деп жазады Olympic.kz.
63 келіде күрескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанса, 77 келіде сынға түскен Асхат Ділмұхамедов қолаға қол жеткізді.
Айта кетелік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы үшін аталған жарыс әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады.