Grand Prix турнирі: Ниязымбетов ең үздік боксшы

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Чехияда 13-16 наурыз аралығында өткен халықаралық Grand Prix турнирінде 16 елден қатысқан 82 спортшының арасында жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов турнирдегі ең үздік боксшы атанды. Бұл туралы kazboxing.kz хабарлады.
None
None

Сонымен қатар, АИБА-ның «3 жұлдызды төрешісі» Нұрбек Батыров аталған жарыстағы үздік төреші атанды.

Еске сала кетейік, додада ел құрамасы үш алтын медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға тұрақтады. Алғашқы алтынды қоржынымызға салған 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов финалдық кездесуде мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Одан кейін шаршы алаңға шыққан Әділбек Ниязымбетов (81 келі) Голландия спортшысын қапы қалдырды. +91 келі салмақ дәрежесінде Иван Дычко армениялық қарсыласынан басым түсіп, биіктен көрінді.

Өкінішке қарай, халықаралық жарыста команда капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) алғашқы кездесуде латвиялық боксшыға 10:4 есебімен есе жіберсе, 56 келі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев екінші кездесуде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Соңғы жаңалықтар