Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

GRAND SLAM турнирі: Қазақстандық дзюдошылар шетінен жеңіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылар жеңіліске ұшырауда. Кеше татамиге шыққан үш балуанымыз да алғашқы айналымнан асқан жоқ деп, жазады Olympic.kz.

GRAND SLAM турнирі: Қазақстандық дзюдошылар шетінен жеңіліп жатыр

73 келіде Бакудегі турнирге екі қазақстандық спортшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Мадияр Сембаев бірінші кездесуінде молдовалық Корнел Андрестен, Жанболат Бағытбергенов әзербайжандық Тельман Валиевтен ұтылды.

Қыздар арасында 63 келіде белдескен Ақниет Тұрдан татами иесі Диана Шорановадан айласын асыра алған жоқ.

Осылайша, бұл күні үміт артқан қазақстандық дзюдошылар бірінші кезеңнен әріге бармады.