Grand Slam: үшінші жарыс күнінде үш спортшымыз жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирінің үшінші жарыс күні басталды. 

үш спортшы жарысты аяқтады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 90 келідегі Аян Байғазы бірінші белдесуде чехиялық Давид Кламмертке есе жіберді.

Аса ауыр салмақтағы балуандарымыз да жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ерасыл Қажыбаев түркиялық Ибрахим Татароғлыға, Еламан Ерғалиев ресейлік Денис Батшаевқа жол берді.

Қалған спортшылар жарысты жалғастыруда. 

Айта кетелік, қазақстандық дзюдошылар Душанбедегі турнирден әзірге үш жүлде жеңіп алды.