Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталия қаласында өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, татами шеберлерінің әлемдік бәсекесі 1-3 сәуір аралығында өтеді. Түркиядағы жарыста ел намысын 23 спортшы қорғайды.

Олар:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев

66 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Барак Арқабай

90 келі: Дидар Хамза, Ерсұлтан Мұхаппаров

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары: Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер:

52 келі: Гаухар Ирмагамбетова

57 келі: Севара Нишанбаева

63 келі: Зарина Сарипова, Мөлдір Нарынова

70 келі: Зере бектасқызы, Перизат Жақыпбекова

78 келі: Әсел Бисембай, Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Айта кетерлігі, Grand Slam жарысына 64 елден 534 спортшы қатысады деп жоспарланған.