Грант иелерінің тізімі БАҚ-та сейсенбіде жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырған түлектерге берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысының қорытындыларын шығарып, грант иелерін анықтады, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Грант иелерінің тізімі БАҚ-та сейсенбіде жарияланады

Еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындардың асыға күтіп отырған осы білім беру гранттары иелерінің тізімдері «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің алдағы 9 тамыз, сейсенбі күнгі нөмірінде жарық көреді.

«Тізім газеттің сайтында да жарияланады, оны 9 тамыз күні 00:05 сағаттан бастап көруге болады. Тізім алдымен сайтта жарияланады», делінген жазбада.