Греция биілігі террористер жөнінде ақпарат берген адамға миллион еуро сыйақы бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні көптен бері құзырлы органдардың ерекше назарында жүрген террорист әйел Пола Рупе ұсталды. Греция билігі енді осы адам туралы ақпарат берген азаматқа 1 миллион еуро сыйақы бермекші, деп жазады «Катимерини» басылымы.
Греция биілігі 2014 жылы бір топ террористерді ұстау үшін қажетті ақпарат берген адамға 4 миллион еуро сыйақы тағайындаған болатын. Сондай-ақ «Революциялық күрес» террористік ұйымының басшысы Никос Мазиотис пен оның жұбайы Пола Рупе туралы ақпарат үшін қосымша 1 миллион еуро тағайындады. Мазиотис 2014 жылы тұтқындалды. Ал, Рупе тағы 2,5 жылдай құзырлы органдардан жасырынып жүрді, деп жазады Риа Новости.
«Осыдан үш апта бұрын полицияға бір азамат келіп, Рупенің қайда жүргені жөнінде тиісті ақпарат беріп, ол үшін өзінің сыйақы алатыны жөнінде кепілдік алып кеткен. Полиция қызметкерлері іздеуде жүрген әйелдің ізіне осы мәлімет арқылы түсті»,-деп жазады «Катимерини».
Ақпарат берген азаматқа сонымен қатар куәгерлерді қорғау бағдарламасын пайдалану ұсынылды.