Грек әуекомпаниясының стюардессасы ұшақтан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекиялық Aegean Airlines әуекомпаниясының стюардессасы Мәскеудегі Домодедово аэропортында ұшақтан құлап кетті.

Грек әуекомпаниясының стюардессасы ұшақтан құлап кетті

Оқыс оқиға 12 мамырда болған, бірақ бұл жайлы тек сейсенбі күні ғана айтылып отыр.

Аэропорт өкілінің сөзіне қарағанда, жолаушыларының бәрі түсіп, трапты алып кеткеннен кейін ұшақтан шықпақ болған стюардесса құлап түскен.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлер зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жеткізді»,-дейді агенттік өкілі.