Грек-рим күресі: Ержет Жарлықасын жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде грек-рим күресінің шебері қазақстандық Ержет Жарлықасын (63 келі) жартылай финалда жеңіске жетті.

Ержет Жарлықасын
Фото: olympic.kz

Ол ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавиді 8:0 есебімен ұтты.

Өкінішке қарай 77 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Ибрагим Магомадов ширек финалда ұтылды. Ол Қырғызстан өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовқа 3:3 ұпаймен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрес балуандары мен әйелдер күресінен кіл мықтылар анықталды.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Сарықұрлық додасын 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте 4-орнға ие болды.

Ал әйелдер күресінен жерлестеріміз жарысты 4 қола медальмен аяқтыды.