Грек-рим балуандары лицензиялық турнирді сәтті бастады

күрес
Фото: Күрес түрлері федерациясы

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим шеберлері жарысты сәтті бастады.

Атап айтсақ, 60 келідегі Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымда Ирак балуаны Албидханды 9:0 есебімен ұтса, 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан Мейіржан Шермағанбет алғашқы айналымда түрікменстандық Ровшен Атдаевты мерзімінен бұрын, 10:1 есебімен жеңді.

Аса ауыр салмақта (130 келі) Азия чемпионы Әлімхан Сыздықов ширек финалда Түркіменстан спортшысы Айбекшазада Курраевты 9:0 есебімен ұтты.

Алайда, 97 келіде сынға түскен отандасымыз Олжас Сырлыбай алғашқы айналымда Жапония спортшысы Юри Наказатадан 1:2 есебімен есе жіберді.

Аталған турнирде грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 12 жолдамасы сарапқа салынады.

Төртжылдық басты доданың жолдамасына грек-рим күресінен бес қазақстандық балуан таласып жатыр.

Соңғы жаңалықтар