Грек- рим күресінен әлем кубогында Венгрияны ұтып, Ираннан сүріндік

Олимпиада ойындарына қатысқан Алмат Кебіспаев, Нұрмұхан Тыналиев және Жәнібек Сарсенбиев, Досжан Қартықов қарсыластарынан басым болды. Ал Ербол Қоңыратов, Алхазур Оздиев, Ерұлан Искаков жеңіліс тапты, деп жазады «Аламан».
Өкінішке қарай, Қазақстан жігіттері Иран палуандарына 1:6 есебімен есе жіберіп алды. Тыналиев Вашир Бабаджаанзарихтен жеңілсе, Жансерік Сәрсенбиев те Хосеин Хадже Пауерден айласын асыра алмады. Сонымен қатар Афшин Немат Ербол Қоңыратовтың жауырынын жер иіскетсе, Нариман Нематпаур Оздиевтен басым түсті, ал Махди Алиари Ерұлан Искаковты сүріндірді. Тек 60 келіде Ербол Киікбаев Абдолмухаммед Папиді жеңді.
Біздің топтағы жағдай:
1 тур
Иран - Түркия 4:3
Қазақстан - Венгрия 4:3
2 тур
Иран - Қазақстан 6:1
Түркия - Әзербайжан 4:3
А тобындағы жағдай:
1 тур
Ресей-Болгария 7:0
Корея - Белоруссия 5:2
2 тур
Ресей - Армения 5:2
Болгария - Белоруссия 5:2.