Грек-рим күресінен Н. Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық классикалық стильдегі күрес палуаны Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Грек-рим күресінен Н. Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Финалда қазақстандықтың қарсыласы Өзбекстаннан келген Рустам Ассакалов болды. Жекпе-жек 4:4 есебімен аяқталып, жеңіс өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.