Грек-рим күресінен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 21-22 қаңтар күндері Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде грек-рим күресінен 2000-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған бәсеке ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Қуандық Бәкеновті еске алуға арналды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің облыстарынан 16 команда, 205 спортшы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Турнирдің құрметті қонағы ретінде қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпірұлы қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
42 келі:
І орын Әлішер Бейсенбай (Жамбыл)
ІІ орын Данислам Иметқұлов (Қырғызстан)
ІІІ орын Жоодар Сулайманов(Қырғызстан)
ІІІ орын Жасұлан Шармақов(Ақтөбе)
46келі:
І орын Асхат Сағидулла (Қызылорда)
ІІ орын Наурыз Әбибуллаев (Қызылорда)
ІІІ орын Берікболат Мусайф (Ақтөбе)
ІІІ орын Ерасыл Кенганов (Ақтөбе)
50 келі:
І орын Қасымхан Мейрамбекұлы (Қызылорда)
ІІ орын Бердібек Құттыбаев (Қызылорда)
ІІІ орын Бекболсун Тургумбеков( Қырғызстан)
ІІІ орын Бекзат Қонарбаев (Маңғыстау)
54 келі:
І орын Мәди Данелов (Алматы)
ІІ орын Әлімхан Мамырбек (ОҚО)
ІІІ орын Райымбек Қалқамұратұлы (Ақтөбе)
ІІІ орын Нұрсейіт Мырзағазиев (Қызылорда)
58 келі:
І орын Иса Исаев (Қызылорда)
ІІ орын Жүсіп Абдуалиев (Ақтөбе)
ІІІ орын Азамат Құрман (Ақтөбе)
ІІІ орын Дәулет Кукетов (Алматы)
63 келі:
І орын Рахат Сағымбай (Қызылорда)
ІІ орын Мырзабек Тілепов (Ақтөбе)
ІІІ орын Данияр Нұрбаев (Қызылорда)
ІІІ орын Әнуарбек Әлиев (Ақтөбе)
69 келі:
І орын Ердос Рахмет (Қызылорда)
ІІ орын Ұлықбек Темірбек (Қызылорда)
ІІІ орын Талғат Бағдат (Қызылорда)
ІІІ орын Нұрбол Қабылов (Қызылорда)
76 келі:
І орын Ғалымбек Нұрғали (Қызылорда)
ІІ орын Нұркен Асылбеков (ОҚО)
ІІІ орын Берік Асан (Ақтау)
ІІІ орын Азамат Қожамұрат (Қызылорда)
85 келі:
І орын Еламан Аюп (Қызылорда)
ІІ орын Жандос Задаш (Қызылорда)
ІІІ орын Жақсылық Жамбылбек (Жамбыл)
ІІІ орын Нұрфазыл Рамбердиев (Ақтөбе)
100 келі:
І орын Эхтибар Мұртазин (Ақтөбе)
ІІ орын Сәкен Сердалы (Қызылорда)
ІІІ орын Нұржан Молдахметов (Қызылорда)
ІІІ орын Самат Ермеков (Маңғыстау)