Грек-рим күресінің шеберлері Ташкеттен олжалы оралды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның грек-рим күресінің шеберлері Ташкентте өткен халдықаралық «Өзбекстанның тәуелсіздік кубогы» турнирінде 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль олжалады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қанат Өмірзақұлының айтуынша, үш күнге созылған бұл турнирге 12 елден спортшылар қатысқан. Ел намысын бұл жолы 21 спортшы қорғады. Олардың арасынан алматылық Бейбіт Шүменов (66 килә) пен Алматы облысының балуаны Нұрмахан Тінәлиев (120 килә) халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Шымкентік Марат Кәрішалов (60 килә) пен петропавлдық Виталий Васинов (96 килә) күміс медаль иеленді. Ал 66 килә салмақта Алматы облысының спортшысы Асхат Дінмұхамедов пен семейлік Айбек Еңсеханов және тараздық Ербол Райымбеков (84 килә) пен қарағандылық Ерұлан Ысқақов (96 килә) қола жүлдегер атанды. Қазақстандық балуандар 2007 жылы бұл халықаралық турнирде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола еншілеген болатын.