Грек-рим күресінің жас балуандары арасында чемпиондар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Әлмерек ауылында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир өтті. Жасөспірімдер арасындағы тартысты бәсеке Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Абибов Иса Аңсарұлын еске алуға арналды.

Грек-рим күресінің жас балуандары арасында чемпиондар анықталды

2003-2006 жылы дүниеге келген жас балуандар 12 түрлі салмақ дәрежесінде белдесті. Турнирге еліміздің барлық аймақтары мен спорт мектептерінен спортшылар қатысты. Екі күнгі жарыс нәтижесінде жас чемпиондардың есімдері де белгілі болды.

Иса Абибов - спорттың үлкен жанашыры. Әлмерек ауылының балаларын жанына үйіріп, белдесудің қыр-сырын бірінші болып үйреткен ұстаз. Осыдан он жыл бұрын грек-рим күресі залын ашқан болатын. Соның арқасында бүгінде аталған ауылдың балалары белдесуге құмар, спортсүйер болып өсіп келеді. Бапкердің қол астында тәрбиеленгендердің қатарында ел чемпиондары, ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары бар.

Әлмеректе ашық республикалық турнир осымен оныншы рет өткізіліп отырғанын айта кету керек. Бұрын бұл жарыстың басы-қасында Иса Абибовтың өзі жүріп, ол Қазақстан халықтары достығы құрметіне ұйымдастырылатын. Талантты балуан, талапты бапкердің дүниеден өткеніне биыл - үшінші жыл. Жарыс Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мен №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері

26 кг

1. Жарылқасын Арнат - Тараз-1

2. Абибов Торун - Әлмерек

3. Илахунов Руслан - Сарыағаш

3. Супиев Ибрагим - Достық

 

29 кг

1. Әбдімәжит Бағжан - Сарыағаш

2. Ердәулет Ерназар - Ақсу

3. Тусымат Ақан - №15 мектеп

3. Асанов Ыдырыс - Достық

 

32 кг

1. Қаттабаев Асылбек - Аягөз

2. Дурсунов Башир - Әлмерек

3. Молдабек Даниял - Талдықорған

3. Шәріпхан Бекасыл - Талғар

 

35 кг

1. Қажыбеков Әділет - Талдықорған

2. Абибов Забит - Әлмерек

3. Жапар Руслан - Жамбыл

3. Ануарбеков Серікбол - Ақтөбе

 

38 кг

1. Алиев Мақсат - РСШИКОР

2. Ерболов Азамат - Талдықорған

3. Фазаев Ясин - ОҚО

3. Жапар Сұлтан - Жамбыл

 

42 кг

1. Жұпарбек Елнұр - ОҚО

2. Ордабай Медет - Қапшағай

3. Мамышев Катиф - ОҚО

3. Нұралы Әшім - ОҚО

 

46 кг

1. Сахан Мұхтархан - ОҚО

2. Жүнісхан Мұхтар - Әлмерек

3. Пірімбет Сұлтан - Тараз

3. Әмірханов Төлеген - Тараз

 

50 кг

1. Мұратжанұлы Әлібек - Жамбвл

2. Жақып Нариман - Әлмерек

3. Қорғанов Бейбіт - ОҚО

3. Сауытқалиев Ерболат - Ақтөбе

 

54 кг

1. Темірғали Әмір - Семей

2. Бадалов Мобби - ОҚО

3. Бақытжан әл-Фараби - Әлмерек

3. Оразалы Бауыржан - Әлмерек

  

58 кг

1. Тұрысбек Есім - Әлмерек

2. Азамат Бақдәулет - Халық арена

3. Мұрат Әкежан - №15 мектеп

3. Жүніс Даниял - Панфилов

 

63 кг

1. Данелов Мәди - Тұздыбастау

2. Дусматов Айбек - ОҚО

3. Нұрғанатұлы Абзал - Панфилов

3. Тұрсынов Дамир - Гүлдала

 

69 кг

1. Тұрғынбай Рахман - Қарасай

2. Жүсіп Азамат - Батыр

3. Байзақов Данель - Әлмерек

3. Агаев Шамиль - Гүлдала