Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жеребесі тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін әлем чемпионаты қарсаңында грек-рим күресінен жеребе тарту рәсімі өтті.

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Фото: UWW

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан намысын қорғайтын 10 балуанның алғашқы қарсыластары анықталды. Олардың үшеуі жарысты бірден 1/8 финалдан бастайды.

Жеребе нәтижесі:

55 келі — Исхар Курбаев — Кагетора Окамото (Жапония);
60 келі — Айдос Сұлтанғали — 1/8 финалдан бастайды;
63 келі — Мейрамбек Айнағұлов — Максим Лю (Украина);
67 келі — Бағдат Сабаз — Раззақ Бейшекеев (Қырғызстан);
72 келі — Алматбек Аманбек — 1/8 финалдан бастайды;
77 келі — Мерей Мәулітқанов — Хён Чжин Кан (Оңтүстік Корея);
82 келі — Ибрагим Магомадов — Лука Дариоцци (Италия);
87 келі — Нұрсұлтан Тұрсынов — Джафар Хан (Қатар);
97 келі — Ислам Евлоев — Мохамед Габар (Мысыр);
130 келі — Олжас Сырлыбай — 1/8 финалдан бастайды.

Сондай-ақ әлем чемпионатында әйелдер мен еркін күрестен жүлделер сарапқа салынады.

Еске салсақ, Ненад Лалович (Сербия) Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті қызметіне қайта сайланды.