Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Астана қаласында өтіп жатқан ел біріншілігінде грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Азиада-2022 Мейржан Шермаханбет
Фото: Sports.kz

Атап айтсақ, бозкілемге 60 келі, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ санатындағы балуандар өзара мықтыны анықтады. 

Жарыс қорытындысы:
60 келі
1-орын - Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы).
2-орын - Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы).
3-орын - Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы).
3-орын - Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы).

67 келі.
1-орын - Мейіржан Шермағанбетов (Шымкент қаласы).
2-орын - Дінмұхаммед Қошқар (Жамбыл облысы).
3-орын - Алмат Аманбек (Алматы облысы).
3-орын - Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы).

77 келі.
1-орын - Демеу Жадыраев (Алматы облысы).
2-орын - Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы).
3-орын - Ибрагим Магомедов(Қарағанды облысы).
3-орын - Әбдиазим Қарабаев(Шымкент қаласы).

87 келі
1-орын - Азамат Құстыбаев(Астана қаласы).
2-орын - Мақсат Сайлау (Астана қаласы).
3-орын - Тамерлан Тұрдықын (Шымкент қаласы).
3-орын - Диас Қален (Жетісу облысы).

130 келі
1-орын - Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).
2-орын - Салауат Ахметқали (ШҚО).
3-орын - Джохар Узаров (Шымкент қаласы).
3-орын - Мансур Шадукаев (Қостанай облысы)

Естеріңізге сала кетейік, кеше ел біріншілігінің алғашқы күні грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салынып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған болатын.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар