Грек зейнеткерінің аянышты тағдырын ғаламтордан көрген австралиялық бизнесмен көмектесуге бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық бизнесмен грек зейнеткерінің аянышты тағдыры жайлы түсірілген суретті ғаламтордан көріп, оған көмектесуге бел буды.

 Грек зейнеткерінің аянышты тағдырын ғаламтордан көрген австралиялық бизнесмен көмектесуге бел буды

Қария грек банкінің маңында зейнетақысын шотынан ала алмағандықтан жылап отырған. Фото елдегі дағдарыс азаматтарға қалай әсер еткенін көрсетеді. Оны FrancePresse агенттігінің суретшісі түсірген. Әлемнің түкпір-түкпіріне шарлап кеткен фотоны австралиялық Джеймс Куфос та көрген.

«Мен гректерге қалай көмектесу керектігін ойластырдым. Бірнеше амалды ойлап таптық. Біріншіден, менің жеке қаражатымды және компания қаржысын пайдалануға болады. Екіншіден, әлеуметтік пайдаланушылардың көмегіне жүгіндік. Олар да қарап қалмады. Адамдарды аштықтан сақтап, олардың баспанасы болуы үшін қолымыздан келгенін жасағымыз келеді. Грекияға арнайы барып ақша тапсыруды ойластырудамыз», - деді түбі грекиялық кәсіпкер Джеймс Куфос.