Грекия әуежайлары наразылық шарасы салдарынан 7 сәуірде жабық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияда 7 сәуірде ұшақтар ұшпайды - азаматтық авиация қызметкерлері 24 сағаттық наразылық шарасын жариялады. Грекия әуежайлары жұмыс істемейді, Aegean Airlines және Olympic Air грекиялық әуе компаниялары ондаған рейсті ұшырмайтын болды, деп хабарлады РИА Новости.
Азаматтық авиация қызметкерлерінің федерациясы (OSYPA) мемлекеттік сектордағы ADEDY кәсіби одақтарының «әлеуметтік қамту жүйесін жоюға қатысты» наразылығына қосылды.
Азаматтық авиация қызметкерлері тағы бір талап қойды - Грекиялық мемлекеттік әуежайларды жаппай сатуға жол жоқ, делінген федерация мәлімдемесінде. Грекия билігі 14 әуежайды сатып жатыр. Оларды неміс компаниялары сатып алмақ.
Авиадиспетчерлердің және азаматтық авиация қызметкерлерінің наразылық шарасы 7 сәуірде сағат 00:01-де басталып, түнге дейін жалғасады.