Грекия билігі көз жұмған адамдарға зейнетақы төлеп келген
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Грекия билігі қайтыс болғандықтары белгілі болған соң бір жарым мыңға жуық адамға зейнетақы төлеуін тоқтатты,
деп хабарлайды Утро.ру.
Ішкі тексеру барысында әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры бұл өмірден өткен 1473 адамға 1,88 млн. еуро сомасында зейнетақы төленгенін анықтаған.
Қазіргі таңда қайтыс болған қай зейнеткерлер атына ақша төленгені тексеріліп жатыр.
Хабарланғанындай, бұл ел азаматтары тарапынан әлеуметтік төлемдерге қатысты жасалған бірінші қулық емес. Бұрын Закинф аралының 2 пайызға жуық халқы зағип адамдарға берілетін жәрдемақыны алып келген, ал кейін билік сол жәрдемақы алатындардың бірі көлік жүргізіп жүргенін, екіншісі аң аулауға барып жүргенін, яғни олардың соқыр емес екендігін анықтаған.