Грекия бойынша еуроаймақ саммиті сейсенбі күні өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Референдумнан кейінгі Грекиядағы жағдайды талқылауға арналған еуроаймақ елдерінің саммиті сейсенбі күніне, 7 шілдеге белгіленіп отыр, деп хабарлады Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск.
Бұдан бұрын Грекия бойынша саммит өткізу жөнінде Франция мен Германия өтініш жасааған болатын. Дауыстарды санаудың алдын алақорытындылары бойынша 61,54% гректер несие берушілердің ұсыныстарына қарсы болды, 38,4% -ы «иә» деп дауыс берді.
Референдум нәтижесімен еуропалық қор нарықтары мен бірыңғай валютаның елеулі құлдырауы күтілуде, деп хабарлады Би-би-си.