Грекия бюджеті алты жылдан бері алғаш рет ЖІӨ өсімін қарастырып отыр
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Грекиялық парламент мүшелері мақұлдаған бюджет алты жылғы рецессиядан кейін алғаш рет экономиканың біршама өсімін қарастырып отыр.
Атап айтқанда 2014 жылы грекиялық экономиканың өсімі 0,6 пайызды құрамақ.
Қабылданған құжаттың жобасы мемлекеттік шығыстарды 3 миллиард еуроға кезекті қысқартуды қарастырады.
Алайда, қабылданған бюджет, әзірге халықаралық кредиторлар үштігімен, яғни Еурокомиссия, Еуропалық орталық банкпен және Халықаралық валюта қорымен мақұлданған жоқ.
Аталған үштік қаржы тапшылығы алдағы жылы да жалғасуы мүмкін екенін, бұл өз кезегінде бұдан да қатаң үнемдеу шараларын қажет етеді дегенді алға тартуда. Бірақ үкіметтің пайымынша, мемлекет одан ары қарай қатаң шараларды еңсере алмайды.
Кредиторлармен арадағы келіспеушілік салдарынан Грекия бірнеше айдан бері 1 миллиард еуро көлеміндегі үлесті жаңа несиеге қол жеткізе алмай отыр.