Грекия мәселесі бойынша ЕО саммиті өтпейтін болды, келіссөздер жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ төрағасы Дональд Туск жексенбіге жоспарланған Еуроодақ саммитінің өтпейтіні туралы хабарлады, онда грекиялық қарызға байланысты жағдайға соңғы шешім бектілуі тиіс болатын.

Грекия мәселесі бойынша ЕО саммиті өтпейтін болды, келіссөздер жалғасуда

Туск «Твиттерге» Еуроодақтың 19 елі көшбасшыларының кездесуі жексенбіде өтетінін, ол «Грекия бойынша келіссөзді аяқтағанша» жалғасатынын жазған.

Бұған дейін Еуроодақ қаржы министрлері Грекияға қаржылық көмек бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беру немесе елдің еуроаймақтан шығуын санкциялау керек пе, осы мәселені шешуі тиіс.

Грекия парламенті сенбіге қараған түні премьер-министр Алексис Ципрас ұсынған экономикалық реформалар жоспарын бекітті.