Грекия мен Қазақстанның арасындағы тамаша қарым-қатынастардың халықтар игілігі үшін нығая түсетіндігіне сенемін - Г.Папандреу

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Грекия Республикасының Премьер-Министрі Георгиос Папандреу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап жеделхат жолдады,

Грекия мен  Қазақстанның арасындағы   тамаша қарым-қатынастардың   халықтар   игілігі  үшін  нығая  түсетіндігіне сенемін -    Г.Папандреу

деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметінен.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Грекия Үкіметінің және жеке өзімнің атымнан Сізге, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай, шынайы құттықтауымды жеткізгім келеді.

Сіздің осы қызметтегі жаңа мерзіміңізде, елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында бірге тығыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз деген сенімдемін. Грекия мен Қазақстанның арасындағы тамаша қарым-қатынастардың халықтар игілігі үшін нығая түсетіндігіне сенемін.

Грекия Республикасының Премьер-Министрі Георгиос Папандреу».