22:43, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Грекия парламенті президентті сайлай алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия парламенті дауыс берудің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша, республика президентін сайлай алмады.
Енді елде мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтуі тиіс.
Мемлекет басшысының орнына үкіметпен ұсынылған бұрынғы еурокомиссар Ставрос Димастың кандидатурасы қажетті 180 дауысты жинай алмады.
19 желтоқсан күні Греция парламентінің мүшесі Павлос Хаикалис өзіне Димасқа дауысын беру үшін 3 млн. еуро көлемінде пара алуды ұсынғанын мәлімдеген еді.
Грекия үкіметінің өкілі Хаикалистің таққан айыптарын жоққа шығарып, мұны алда тұрған дауыс беруді болдырмау үшін жасалған әрекет деп атады.