Грекия теміржолшыларының кәсіподағы үкіметтің жоспарлап отырған жекешелендіруіне қарсы 24 сағаттық ереуілге шықпақ
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Грекия теміржолшыларының кәсіподағы бейсенбі күні үкіметтің жоспарлап отырған жекешелендіруіне қарсы 24 сағаттық ереуілге шығады,
деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі.
Бейсенбі күні Грекия бойынша пойыздар жүрмейді, сондай-ақ Афиныдағы қала маңында жүретін электричкалар да тоқтайды.
Кәсіподақтың берген ақпаратына қарағанда, билік жұмысшылармен жекешелендіру туралы келіссөздер жүргізгілері келмейді.