Грекия үкіметі елсіз аралдарды сатуға шығармақ

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Грекия үкіметі елін дағдарыстан шығару үшін ұлттық аумақтың бөлігін сату мүмкіндігін қарастыруда.

Грекия үкіметі елсіз аралдарды сатуға шығармақ

Бұл туралы ФранцияныңLe Monde газетіне берген сұхбатында Грекияның Премьер-министрі Антонис Самарас мәлімдеді. Грекиялық үкімет басшысының алға қойған талаптарының бірі - жердің сатылуы мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс.

РБК агенттігінің хабарлауынша, 2010 жылдан бері әлемдік БАҚ-та Грекияның өз  иелігіндегі елсіз аралдарды сатуға шығару мүмкіндігі талқылануда, алайда бұған дейін Афины мұндай ақпаратты ашумен қабылдап, жоққа шығарып келген болатын.