10:48, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Грекия үкіметін тұңғыш рет әйел басқаратын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия қызметтік үкіметінің премьер-министрі Васелика Бану-Христофилу бейсенбі күні ант берді, деп хабарлады Euronews.

«Ант бергеннен кейін ел президенті Прокопис Павлопулос оны техникалық үкімет басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі міндеті мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу болады», - делінген хабарламада.
Василика Тану-Христофилу Грекия тарихындағы министрлер кабинетін басқарған алғашқы әйел. Жаңа үкімет құрамы жұма күні жарияланатын болады.