Грекия жағалауларында мазут толтырылған танкер батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның жағалау күзетінің мәліметтері бойынша, Аталанти аралының маңына танкер апатқа ұшыраған, деп жазады БЕЛТА.

Грекия жағалауларында мазут толтырылған танкер батып кетті

Осы кезде кемеге толтырылған сұйықтықтың барлығы теңізге ағып кеткен. «Агия Зони II» 11763 кемесі 2,2 мың тоннаға жуық мазут пен 370 тонна газойль алып келе жатқан. Апаттың салдарынан кемедегі сұйықтықтың басым бөлігі жағалаудағы суға ағып кетті.

Мамандар ласталған аймақты жедел түрде тазалауға тырысуда. Бір мезгілде құтқару операциясы жүргізіліп, оның барысында 11 экипаж мүшесін құтқару қажет болды. Кеменің апатқа ұшырауына басқару қызметі бойынша жіберілген олқылық себеп болуы мүмкін.