Грекия жағалауында 10 босқын суға батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эгей теңізінде қайық апатқа ұшырап, салдарынан 10 босқын қаза тапты. Reuters агенттігі хабарлағандай, олардың бесеуі - балалар.
Оқиға грекиялық Фармакониси аралында болды, деп хабарлады ТАСС. Құтқарушылар 13 адамды құтқарып үлгерді, енді екеуі іздестірілуде.