Грекия жағалауында тағы да келімсектер қайығы суға батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияға жақын орналасқан Родос аралында төтенше жағдай орын алды. Бірнеше келімсек мінген қайық суға кетіп, кішкентай сәбиді қоса есептегенде 3 адам қаза тапқан, деп жазады khabar.kz.
Жағалау күзетінің дерегіне сүйенсек, кемеде 83-ке жуық адам болған. Сондай-ақ алғашқы көмекке мұқтаж 23 адам ауруханаға жөнелтілген. Қалғандары полиция бөлімшесіне жіберілді.
Қайықта нақты қанша адамның болғаны әлі күнге белгісіз. Құтқару қызметтері іздеу шараларын әлі де жалғастыруда. Шамамен он мыңға жуық келімсек Еуропаға Грекия арқылы жетіп қалуға тырысады.