Грекияда 500 қонақ үй сатылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы келген туристердің саны (26 млн. адам) бойынша Грекия рекорд орнатқанына қарамастан, шағын қонақ үйлердің иелері оны сатып жатыр.
Басты себебі жылжымайтын мүлікке және қонақ үйден табатын пайдаға деген салық өсімі себеп болды. 2015 жылы қарашадан қонақ үйлерге деген ҚҚС екі есеге 6,5%-дан 13%-ға дейін ұлғайды.
Соңғы бір жарым айда грекиялық қонақ үйлерді сату бойынша 482 хабарландыру жарияланды, сомасы 1,7 млрд еуродан асады, деп жазды Утро.ру.
Сонымен бірге мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеген қонақ үйлер де сатылып жатыр.
Мысалы, Түркия, БАӘ және Кувейт бизнесмендерінің мүддесін қорғайтын инвестициялық қорлардың біріне жекешелендіру бойынша агенттік Astir Palace теңіз курортын сатты. Келісімге дейін оның 85% акциялары Грекияның ұлттық банкіне тиесілі болған.