Түркияның Кайсери провинциясында жергілікті тұрғындар мен сириялықтар арасында жанжал туды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Кайсери провинциясының Меликзаде ауданы Данышментгази ауылында жергілікті азаматтар мен сириялық босқындардың қатысуымен жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

Массовые беспорядки произошли в турецкой провинции Кайсери
Фото: Anadolu Ajansı

Көшедегі тәртіпсіздікке Түркияда босқын ретінде тұратын сириялықтың бес жасар сириялық қыз баланы жәбірлеу мақсатында қудалауы себеп болған. Оқиға Сириядан қоныс аударғандар тығыз тұратын аймақта болған.

Олардың наразылығының белгісі ретінде жергілікті халық сириялықтарды басқа шалғай аудандарға мәжбүрлеп көшіруді насихаттай бастады. Наразы топ үйлері, дүкендер, жолда кездескен көліктерді қиратып, өртеп жіберді.

Жаппай тәртіпсіздіктермен полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ күресті. Оқиға кезінде 10 шақты полицей жарақат алды. Жергілікті тұрғындар арасында да зардап шеккендер бар.

Оқиғаға кінәлі адам ұсталды, ал бала мен оның отбасы полицияның қатаң қорғауына алынды.

Массовые беспорядки произошли в турецкой провинции Кайсери
Фото: Anadolu Ajansı

 

Соңғы жаңалықтар